Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналықтарды интернет алаяқтары сан соқтырды

Астана қаласы Ішкі істер департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына интернет арқылы алаяқтық жасайтындардың пайда болғанын ескертеді.

473412

Қаланың ІІД баспасөз қызметі тергеушілер ірі ақшалай қаражатынан айырылған бірнеше жәбірленушілердің шағымы бойынша тергеу жүргізіп жатқандығын хабарлады.

«Барлық жағдай жеңіл қылмыстық схемамен жүзеге асқан. Жәбірленушілер интернет арқылы барынша төмен бағада жылжымайтын мүлік немесе тауар тапқан, бұл ретте мүліктің немесе тауардың барын және мемлекеттік органдарда тіркелгенін куәландыратын қажетті құжаттарын тексермей, шетелдегі «сатушылармен» байланысқан. Біздің азаматтар пәтердің немесе тауардың бар екеніне, сондай-ақ шетелде «сатушылардың» жұмыс істейтініне сеніп, төлем қабілеттілігіне кепіл ретінде «Money Gram» немесе «Western Union» жүйесі арқылы ақша аударған, оның басым бөлігі ірі сомадан тұрады. Бұл ретте ақша аударымы жәбірленушілердің атынан не бірегей кодын көрсете отырып олардың туысқандарының атына өткен. Содан кейін алаяқтар жәбірленушілерден бірегей коды жоқ банк құжатының көшірмесін сканерлеп, олардың мекенжайына электрондық пошта арқылы жіберуді өтінген. Қысқа уақыт ішінде көрсетілген қаражатты белгісіз біреулер аталмыш шоттан шешіп алған» – деді Астана қ. ІІД тергеу бөлімінің бастығы полиция майоры Алмат Ақытаев.

Кейін жәбірленушілер Шотландия, Португалия, Франция сияқты кейбір еуропа елдерінде «Money Gram» немесе «Western Union» жүйесі арқылы аударылған ақшаны алу үшін бірегей код талап етілмейтінін анықтаған. Алаяқтардың жәбірленушілермен байланысып жүрген ІР мекенжайын тексеру бұл мекенжайлар жоғарыда көрсетілген елдерге тиесілі екенін көрсетті.

Талқылау