Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналықтар жұмыс уақытын әртүрлі уақытта бастауы мүмкін

Астана тұрғындары үшін жұмыс графигі өзгеретін болды. Қала әкімдігі жолдардағы кептелісті азайту үшін жаңа кесте ойластыру үстінде, деп хабарлайды КТК.

0343af584b02e007803641bfe44

“Тұрғындардың жұмыс уақытына қатысты графикті өзгерту туралы шешімді алдағы 2-3 аптада қабылдайтын боламыз. Тұрғындардың бәрі бір уақытта жұмысқа шықпас үшін, жүктемені азайтамыз”, – деді қала әкімінің орынбасары Сергей Хорошун.

Кімнің ерте тұратыны әзірге белгісіз. Елорда билігі тұрғындардың жұмыс уақытын өзгертуге бірінші рет талпынып отырған жоқ. Екі жыл бұрын олар бастауыш мектептердің уақытын 20 минут ерте бастауды ұсынған. Бірақ, одан мәселе шешілмей, керісінше көлік одан сайын көбейіп кетті. Ал енді қазір Мәңгілік ел, Қонаев, Достық көшелеріндегі кептелісті азайту үшін тағы бір айналма жол салуға ниетті.

Сірә, сол кезде барып депутаттар үйлеріне тез жететін секілді. Кеше олар министр Қасымовқа жолға көп уақытын құртатындарын айтып шағымданды. Ал олардың үйлері Мәжіліс пен Сенат ғимаратына жап-жақын.

Оқи отырыңыз:

Мәдениет басқармасының қызметкері Қазыбек бидің сіңірген еңбегі жоқ деп жар салды (видео)

Үш бидің ескерткішін аяғымен таптаған қытай жігіті қазақ халқынан кешірім сұрады (видео)

Алматы тұрғыны ұлын «Иегова куәгерлері» ұйымына кіргізгеніне өкініп жүр

Мұхтар Әуезов ғашық болған Ғайыпжамал кім?

Талқылау