Астаналықтар тротуарға жүрек бейнесін салған адамды тапты

Сейсенбі, 29 Қараша , 2016 15:38

Астаналықтар -30 градус аязды күні тротуарда қардан жүрек бейнесін жасаған адамды тапты.

«Жүрек бейнесін жасаған адамды таптық. Біз оның суретін клубымызда жарияладық. Ол Саша ағай», делінген Инстаграмның club_dobryakov_astany тобында.

Бір апта бұрын тұрғындар көше бойындағы жүрек суретін желіге жүктеген. Саша ағай осылайша еңбекақысына алғыс айтпақ болыпты. Ол кафе мен дүкен, сұлулық салондарының ауласындағы қарды тазалайды.

Астаналықтар мейірімді ағаймен кездесіп алғысын айтқылары келетінін жеткізді.

«Өте мейірімді жан. Тағдыры қиын болған. Тұратын жері де болмапты», – дейді тұрғындардың бірі.

«Ол бізге көмір түсіргенде келіп көмек керек пе деп сұраған. Жақсы ағай. Тамақ ішіп отырып тағдыры жайлы айтып берді. Жағдайы қиын болса да қайыр сұрамай, жұмыс істейді», – деп жазады Tsitsk қолданушысы.

Жіберіп алмаңыз:

Алғашқы жекпе-жегінде көз жұмған боксшы жүрек доноры атанды

Сауд Арабиясы тұрғындарына аққала жасауға тыйым салынды

Шымкентте 76 жастағы қария күннің суығына қарамай өзенге шомылып жүр

Данияр Елеусінов көмекке мұқтаж отбасының пәтер ақысын төлеп берді (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
04.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар