Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналықтар қоқысты ақшаға өткізе алады

Астанадағы екінші шикізат өнімін қабылдау пункіне қоқысты ақшаға өсткізе алады, деп жазады Stan.kz.

Байқоңыр ауданының тұрғындары макулатура, пластик, целлофан, шыны т.б. заттарды өткізе алады. Ақысы қандай зат өткізгеніне байланысты 3 теңгеден 100 теңгеге дейін есептеледі.

Астана әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, “Ақылды қала” жобасы бойынша Green Station шикізатын қабылдау пункін ашты. Бұл Astana Clean Time компаниясының жобасы.

“Әр тұрғын ақшаға екінші рет өңделетін заттарды өткізе алады. 11 түрлі материал қабылдаймыз. Бүгінде қалада 9 нүктеде 500 келіге дейін зат қабылдап жатыр”, – дейді Astana Clean Time компаниясының басшысы Тимур Исмагулов.

Мәселен, қағаздың бір келісі үшін 3 теңге алады. Аллюминийдің келісін 100 теңгеден алады.

Алайда тұрғындар екінші рет өңдеуге келетін заттарды ақша  үшін емес, пайдаға жарайтын болғаны үшін өткізетіндерін айтады.

“Осындай пункт ашылғанын естіп қуанып қалдық. Бұл қоршаған ортаға пайдалы. Табиғаттың ластануының алдын алады. Әр адам соған үлес қосса, онысы үшін ақы алса, жақсы емес пе?”, – дейді аудан тұрғыны Камила Нарымбетова.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау