Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Астаналықтар аязды күні далада қалған екі жетім балаға көмектесті

Астаналықтарды қысты күнгі аязда далада қалған екі жетім баланың тағдыры алаңдатпай қоймады. Балалар үйінің түлектері жұмыссыз, баспанасыз далада қалған.

Аязды күні далада жүрген екі бала туралы Светлана есімді желі қолданушысы желіде жазды. Айтуынша, балаларды таксист болып жұмыс істейтін күйеуі кездестіріпті.

“Кеше түнде күйеуім түнгі уақытта үйге екі баланы алып келді. Аристов Женя мен Лукьянов Коля 1999-2000 жылы туған балалар. Оларды екі ай бұрын балалар үйінен шығарыпты. Тамақтанып, жуынып алды. Әрі қарай не істейтіндерін білмейді. Көмектесіңіздерші”, – дейді Светлана. 

Ол өзінің зейнеткер екенін, балаларды қарай алмайтынын атап өтті. Оның жазбасына жүздеген адам назар аударды. “Қазақстандағы балалар үйі ассоцияциясының” кеңес мүшесі де байқады.

Ассоцияция мүшелері балалардың баспана мәселесін реттеп беретін болды. Оған дейін балалар үйінің орталығына орналасты.

Бұл көмекке асоцияция мүшелері кеңес мүшесі Раиса Шер мен білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке алғысын айтты.

Ассоцияция мүшелері балаларға әрі қарай да көмек көрсететінін, жұмысқа орналасуға қол ұшын беретінін жеткізді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр