Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналықтар әр жексенбі сайын спортпен тегін айналасатын болады

8 мамырдан бастап әр жексенбі сайын Астаналық паркте қала тұрғындары мен қонақтары спортпен тегін айналысатын болады. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

ыыффф

Сурет vesti.kz

Тәжірибелі фитнес-нұсқаушылар таза ауада кроссфит пен йогадан жаттығулар жасап, зумба мен тағы басқа бағыттар бойынша сабақтар өткізеді. Әр жексенбі сайын сағат 10.00-13.00 аралығында жаңа спорт түрлерін меңгеріп, би билеуді үйренуге болады. Күш жинап, епті, икемді болғысы келетіндер кеңінен тараған спорттық бағыт кроссфитке қатысады.

Жекпе-жектерге әуестер Combat Battle жаттығу жүйесін меңгереді. Айта кеткен жөн, аталған спорт түрі жаңа бастағандар мен дайын спортшыларға да лайық. Сонымен қатар парк аумағында жүрек қантамырлары жүйесін жаттықтыруға арналған Cardio-zone сабақтары өткізіледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, әсерлі биге әуес жандар латынамерикалық ырғақтармен зумба биін билейді. Fitness Park Astana спорттық-бұқаралық іс-шарасына кішкентай астаналықтар да қатысады. Олар үшін арнайы аймақ жасалады. Қызықты спорттық бағдарламамен қоса, акцияның барлық қатысушыларына дұрыс және теңгерімді тамақтану жолы таныстырылады. Ал отандық эстрада жұлдыздары қала тұрғындары мен қонақтарына әр жексенбі сайын музыкалық бағдарламалар тарту етеді.

Талқылау