Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық жігіт ҰБТ-ның онлайн трансляциясы арқылы ғашығын тапты

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов 2018 жылғы түлектің романтикалық оқиғасын әңгімелеп берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеп.

Астаналық жігіт ҰБТ-ның онлайн трансляциясы арқылы ғашығын тапты

Оның айтуынша, жақында тестілеу орталығына Мерей есімді астаналық түлек қоңырау шалып, ұнатып қалған қызын тауып беруін өтініп, көмек сұраған.

«Жас түлек ағымдағы жылдың қаңтар айында Астанадағы сауда орталықтарының бірінде Арай есімді қызбен танысқан. Бойжеткен оған қатты ұнап қалған екен. Бірақ, өкінішке орай, ол тек қыздың аты мен оның қай өңірден келгенін, және бітіруші түлек екенін біліп үлгерген. Шымкентте тұратын бойжеткен Астанаға қонаққа келген көрінеді. Содан қызды ұнатып қалған түлек осы жылы енгізілген тестілеу процесінің онлайн трансляциясын пайдаланып, ол қызды тапты. Ғашығы сынақ тапсырған пунктті анықтаған бозбала, бірден бізге телефон шалып, оның байланыс нөмірін табуда көмек сұрады», – деді Рамазан Әлімқұлов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Орталық басшысы астаналық түлектің тілегін жерге қалдырмай, оның ғашығын іздеп жатқандарын хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін ҰБТ кезінде табылған “ең тапқыр шпаргалка” туралы хабарлаған болатынбыз. Онда сынақ тапсырушы түлек ҰБТ-ға химия формулалары жазылған бөтелке алып кірген.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау