Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық жігіт мешіттерден Құран кітабын ұрлап кеткен

Астана тұрғыны қаладағы бірнеше мешітте ұрлық жасағаны үшін істі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астанада тұрғын құны 70 мың теңге тұратын 12 «Құран Кәрім» кітабын алып кеткен. Одан бөлек өзге мешіттен ұялы телефондарды қолды қылды.

«Сол күні ер адам «Әл-Ғани» мешітінде ұялы телефон ұрлығын жасады. Бірнеше күннен соң кезекті ұрлығын жасау кезінде «Әл-Ғани» мешітінің оқушылары ұстады», – деді Есіл аудандық сотында.

Сот отырысында жәбірленуші мен айыпталушы мәмілеге келді. Сонықтан қылмыстық іс тоқтатылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

Талқылау