Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық зейнеткер тұрғын үй кезегінде 10 жыл тұрғанын айтып шағымданды

Тамара Дүйсенова азаматтарды «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлімінде қабылдады. Партия хатшысының қабылдауына келген 80 жастағы Қаншайым Қайырбекова Астанадағы тұрғын үй кезегінде 10 жыл бойы тұрғанын айтты. Ал бүгінде зейнеткер кезекте 1534-інші болып тұр екен.

Астаналық зейнеткер тұрғын үй кезегінде 10 жыл тұрғанын айтып шағымданды

Бұл туралы Астана арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Зейнеткер ұлы және оның отбасымен бірге бір бөлмелі пәтерде тұрудың қолайсыз екенін айтып шағымданды.

«Менің баспанаға байланысты қиындықтарым бар. Кезегім жылжиды деп ойлағанмын. Алайда бір орыннан жылжымай тұр. Мен – егде жастағы адаммын. Бұл пәтерді көремін бе, көрмеймін бе, соны түсінгім келеді. Маған соны айтып, көмектесіңізші», – дейді зейнеткер.

Өз кезегінде партия хатшысы зейнеткерге пәтердің кезек бойынша берілетінін айтты. Ал кезегін жылжыту немесе жылдамдату мүмкін емес.

Айта кетсек, бүгінде Астанада 50 мыңға жуық адам баспана кезегінде тұр.

«Ол балаларымен бірге тұрады. Олардың пәтері бар. Алайда басында баспанасы жоқ отбасылар да бар. Олар баспананы жалдап тұрады. Сондықтан мен егер көптеген адамға пәтер берілсе, осы мәселені қарауды ұсынатынымызды айттым. Алайда бірінші кезекте, кезек бойынша пәтерді мұқтаж жандар алады», – дейді Тамара Дүйсенова.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау