Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық ұры көліктен ірі көлемде ақша, әшекей мен пойыз билетін ұрлап кеткен

Астана қалалық полициясы көлік салонынан бағалы зат пен ақшаны ұрлап кеткен күдіктіні қолға түсірді. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Безымянный

“Сарыарқа” аудандық полициясына хабарласқан тұрғын, белгісіз адамның көлік есігін бұзып, ақша толы әмиян, пойыз билеті, құжаттар, банк карточкалары мен сәндік бұйымдарды алып кеткенін хабарлаған.

Сонымен қатар, қаланың басқа тұрғыны да шағым түсіріп, автокөлік терезесінің ашық қалғанын пайдаланып 100 мың теңге ұрлап кеткенін айтқан. Жедел-іздестіру шаралары барысында Жамбыл облысының 36 жастағы тұрғыны ұсталып, ол көліктен зат ұрлаудың 3 оқиғасына қатысы бар екенін мойындаған.

“Ол Астанада жалдамалы пәтерде тұрған. Қазір күдікті уақытша тергеу изоляторында. Барлық заттай материалдар тәркіленді. Күдікті осыған дейін де ұрлық әрекеттері үшін бірнеше рет сотталған”, – деп хабарлады ІІД.

Оқи отырыңыз:

“Күзетші” кісінің биі әлеуметтік желіні “жарды” (видео)

Құрылысшылар ерекше кемпірқосақты видеоға түсіріп алды (видео)

Қомақты қаржы тауып алған шымкенттік даяшы оны иесіне қайтарып берді (фото, видео)

АҚШ елшілігі америкалық ковбоилардың көкпарға қалай дайындалып жатқанын көрсетті (видео)

Талқылау