Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана тұрғыны қақаған аязда тоңбаудың әдісімен бөлісті

Елорданың Бағлан Игіліков есімді тұрғыны қақаған аязда тоңбаудың өзіндік әдісімен бөлісті. Ол қысы-жазы велосипедпен жүруді әдетке айналдырған.

Астана тұрғыны қақаған аязда тоңбаудың әдісімен бөлісті

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Астаналық азамат қақап тұрған қысқа қарамастан қозғалыс құралы ретінде велосипедті таңдаған. Оның айтуынша, велосипедпен жүру адамдарға пайда әкеледі.

Бағланның сөзінше, ол велосипедпен жүрген кезде аязды сезбейді екен. Себебі дене артық жылу бөліп шығарып, тіпті ыстықтап кетесің, дейді ол.

«Менің жеке рекордым былтыр болды. 37 градус аяз және қатты жел болғанда велосипедпен жүрдім. Мен үшін аязда велосипедпен жүру – қалыпты нәрсе», – дейді Бағлан.

Десе де ол велосипедтің қозғалысына қатты жел мен көктайғақ кедергі болуы мүмкін екенін айтты. Жақында ол елордадағы ауа райының қолайсыздығына байланысты автобусқа отыруға мәжбүр болыпты.

Сондай-ақ, ол велоспиедпен жүрудің тағы бір артықшылығы тегін екенінде, дейді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр