Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық студенттің өліміне қатысты атышулы процесс басталды

Бүгін астаналық студенттің өліміне қатысты атышулы процес басталды. Бұл жайлы КТК телеарнасы хабарлайды.

erasyl4

Бірақ сот жабық өтіп жатқандықтан адвокаттар ашып ештеңе айтпауда. Тек күдіктілердің бірі Нұрбек Әжімбайдың қорғаушысы тергеушілерге өкпелі екен.

“Тергеу біржақты және әділетсіз жүргізілген деп есептейміз. Біз әлі де күресеміз”, – дейді ол.

Ал “Ерасыл Әубәкіровты өлтіруге тапсырыс берді” деген күдікпен ұсталып, кейін полицейлер босатып жіберген Аян Мейірбаев сотқа келген жоқ. Өскемендік кәсіпкердің ұлы процеске кім ретінде қатысатыны да белгісіз. Естеріңізге салсақ, ақпан айында Елордадағы медицина университетінің 5-ші курс сутдентін азаптап өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталған болатын.

Аян Мейірбаевтың Ерасыл Әубәкіровке жәбір көрсетіп, ұрып, сұрау алып жатқаны видеоға түскеніне қарамастан, ол тергеуде айғақ бола алмады. Сондықтан қазір үш күдікті – Андрей Тихоненко, Виталий Шерстенев пен Нұрбек Әжімбай ғана абақтыда отыр.

“Қылмыстық топ құрды”, “зорлады”, “адам өлтірді” деген бірнеше баппен айып тағылған оларға үкім кесуге алқабилердің де қатысатынын айта кетейік.

Бұған дейін БАҚ-та Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты жаңа суреттер пайда болғаны туралы жарияланған болатын.

Талқылау