Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық студенттің өлі денесі экстрасенстің көмегімен табылған

Астанада өлтірілген Ерасыл Әубәкіровтің мәйітін табуға Әзірбайжан экстрасенсі Кямран Самедов көмектескен. Егер Ерасылдың туыстары ертерек хабарласқанда ол тірі табылар еді, депті Самедов.

ыыы

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Бұл туралы Өскемен жаңалықтары хабарлайды.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде 3 ақпан күні 23 жастағы медициналық университеттің 6-шы курс студенті Ерасыл Әубәкіровтің жоғалып кеткені хабарланған еді. Жас жігіт кешкілік үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Алайда, арада бірнеше күн өткен соң студенттің денесі өлі күйінде табылды.

“Ерасылдың жақындары маған маған 9 ақпан күні хабарласты. Мән-жайды түсінген соң келесі күні Астанаға келдім. Бірақ, ата-анасына Ерасылдың тірі еместігін бірден айттым.  Ұлдары суықта, қар астында жатқанын түсіндірдім. Картадағы орнын көрсетіп, сол күні кешкісін полицейлер оның денесін тауып алды. Егер Ерасылдың туыстары ертерек хабарласқанда бәрі басқаша болуы мүмкін еді”, – дейді Самедов.

Экстрасенс қылмыстың қалай орын алғанын, өзіне қауіп төнбесе анықтап беретінін айтып отыр.

Ал Ерасылдың досы болса, Әубәкіровті іздегенде ешқандай көріпкелдерге бармағанын айтты. Себебі, дәрігерлер қауымы балшыларға сенбейді. Алайда, оны тауып беруге ықылас танытып, бірнеше көріпкел өздері хабарласыпты.

Еске сала кетсек, Ерасылдың өліміне қатысты үш күдікті ұсталды. Әзірге басқа мәліметтер берілген жоқ. Туыстары Ерасылдың денесін танып, ауылдарына алып кеткен. Жерлеу рәсімі Өскеменде өтеді.

Талқылау