Астаналық студент су үнемдейтін озық технология ойлап шығарды

Дүйсенбі, 25 Қыркүйек , 2017 17:30

Астанадағы Хакатон – өнертапқыштардың форумына қатысқан студент Қуаныш Өзбеков «Toilet Tank bank» жобасын таныстырды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

17 жастағы Қуаныш Елордадағы Қазақ гуманитарлық заң университетінде білім алады. Форум тақырыбы бойынша қатысушылар 48 сағат ішінде қаланың әлеуметтік мәселелерін шешуге қатысты нақты жоба ұсынуы тиіс.

Қуаныштың жобасы іске асса, онда жыл сайын миллиардтаған литр суды үнемдеуге болады.

“Бұл бірінші кезекте дәретхана суын үнемдеуге қатысты. Себебі үйдегі судың көп бөлігі әжетхана үшін жұмсалады екен. Бір реттік суды ағызғанда 6-7 литр су кетеді. Ал шын мәнінде оған 4-5 литр су қажет. Ал қалған 2 литр далаға кетіп жатыр. 2 литр судың мөлшері аз болып көрінуі мүмкін, бірақ халқы 1 миллионға жеткен Астанадағы әр үйден 2 литр су артық кетіп жатса, бұның өзі қаншама шығын екенін есептей беріңіз”, – дейді ол.

Айтуынша, бұл технология енгізілсе, халықтың және мемлекеттің ақшасы үнемделмек. Ал дәретхананың су сақталатын құрылғысының ішіне қойылатын шағын қаптың бағасы бар-жоғы 260 теңге. Қазірдің өзінде жас өнертапқыштың өнертабысына қытайлық компания қызығушылық танытып отыр екен. Келесі айда Қуаныш ресми патент алып, іске кіріспек.

Оқи отырыңыз:

Ақтауда ресейлік турист шұбат ішуден жарысып таңғалдырды

Оралда кондуктор 10 теңге үшін оқушыны аялдамадан түсірмей қойған

Қостанайлық полицейлер 10 жасар баланы анасының рұқсатынсыз көлікке отырғызып әкеткен

Алматыда күйеуімен ажырасқан әйел екі айдан бері балаларымен далада түнеп жүр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар