Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық полицейлер бес жасар баланы 10-қабаттан құлап кетуден сақтап қалды

Астанада полиция кіші лейтенанты Қайыржан Құттыбаев пен полиция аға сержанты Максим Вершинин 5 жасар баланы оныншы қабаттан құлап кетуден сақтап қалды.

Олар Астана ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің жол-патруль полициясы полкінің қызметкерлері. Астана ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 қазан күні хабарлама бойынша оқиға орынан барған полицейлер 5 жасар баланы құтқарып қалды. Олар  алдымен балаға ішкі кіруге шақырады, артынша жоғарыға жылдам көтеріліп баланы жұбатқан.

Сол кезде 5 жасар баланы үйде жалғыз қалдырып кеткен туысы келіп қалған. Ол 3 жасар баланы ертіп, балконның есігін ашық қалдырып, дүкенге кеткен.

30 жастағы тұрғын балаға ата-анасы жоқта қарап жүрген. Полиция қызметкерлері баланы үйде қараусыз қалдырмау қажеттігі, оның нендей салдарға әкеп соқтыруы мүмкін екендігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұдан тыс, терезелердің қауіпсіздігін нығайту бойынша кеңестерін берді.

Тағы да оқыңыз:

Таңға дейін қонақүйде бірге болды: “Хан Шатыр аруы-2017” байқауының қатысушысы дау болған видеоны түсіндірді

Pussycat Dolls тобының әншісі топтағы қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегенін айтты

Назерке Әріпті өлтірді деген күдіктінің анасы оның қыздарға талай рет шабуылдағанын айтты

Талқылау