Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық панкерлер бала ұрлаудың қаншалықты оңай екенін тексеріп көрді (видео)

Астанада Wolves clan бірлестігінің мүшелері бірнеше әлеуметтік зерттеулер жүргізіп көрді. Олар балаларды ұрлау қаншалықты оңай немесе қиын екенін білу үшін ата-аналарының рұқсатымен балаларға кәмпит беріп, көліктеріне отыруды ұсынып көрді.

Безымянный

Бұл туралы express-k.kz хабарлайды.

Өкінішке қарай, көп балалалар бұған келіскен.

Ал, оған дейін елордалық панкерлер тағы бір зерттеу жүргізіп, адамдардың қылмыскерге өлі денені жасыруға көмектесетінін не көмектеспейтінін зерттеп көрген еді.

«Біз адамдарды қауіпті оқиғалардан сақтандырғымыз келеді. Өмірде небір оқиғалар болып жатады. Сондықтан біздің видеоролигіміз оларға көмектеседі деп ойлаймыз. Көптеген адамдар сабақ алғандары үшін бізге алғыстарын білдіріп жатты. Еліміздің тұрғындары күтпеген жағдай орын алып жатқанда, дұрыс ойлана білсе екен дейміз. Кейбіреулер бізді еріккен жандар деп те қабылдайды. Бірақ, бұл біз үшін жай ермек емес. Оның үстіне, зерттеулер жүргізу үшін өз қалтамыздан ақша шығындаймыз», – дейді астаналық панкерлер.

Талқылау