Астаналық қыз Корей елінде танымал болды

Жұма, 29 Сәуір , 2016 9:34

Астаналық Әсемгүл Сұрағанова Оңтүстік Кореяның «KBS» телеарнасында өтететін «Менің көршім Чарльз» атты атақты бағдарламасына қатысып танымал болды.

20160429010159

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Астаналық Әсемгүл қазір Пусан қаласындағы Кёнсон университетінің театр және кино факультетінде оқиды. Ол қатысқан бағдарама оның өмірін түбегейлі өзгертіп жіберген. Ал, бағдарламаға Әсемгүл қазақстандық құрбысымен бірге барған.

«Мен алғаш Кореяға келгенде бірнеше кастинге қатысып, көптеген продюсерлермен таныстым. Бірде таныс продюсерім осы бағдарламаға қатысуыма кеңес берді. Бағдарлама барысында шетелдіктің өмірі жайлы баяндайды. Түсірілімдер бір айға созылды. Олар менің өмірім жайлы, менің арманыма қалай ұмтылып жүрегенім жайлы баяндады», – дейді Әсемгүл.

20160429010203

Осы бағдарламадан соң Әсемгүл Корей елінде таныла бастаған. Демалыс кезінде сериалдар мен бейнебаяндарға түсіп, жанама кейіпкерлердің рөлін сомдаған. Сондай-ақ астаналық студент қазір IRUN Communication продюсерлік компаниясының мүшесі.

24 жастағы қазақ қызы мектеп кезінен бастап шығармашылықпен айналыса бастаған. Би билеп, ән айтқан. 12 жасына бастап, оқушылар сарайындағы «Современник» жастар театрында өнер көрсеткен.

Корей елінде оқысы келген студент қыз алғаш рет 2012 жылы құжат тапсырғанымен жолы болмапты. Алайда, сағы сынбай, керісінше өзін шыңдай түсіп, тілді меңгеріп, вокал сабақтарын алған.

20160429010208

Әсемгүл Астанада екі жыл дайындалып, екінші мәрте бақ сынап көреді. Бұл жолы ол Астанадағы Корей агенттігінің көмегімен, 50 пайыздық жеңілдікпен Кёнсон университетіне оқуға түседі. Сондай-ақ, ол Пусан қаласындағы халықаралық Қордың мемлекеттік стипендиясын ұтып алған.

Әсемгүл Сұрағанова Қазақстан жайлы сағынышпен еске алады. Ол өз шығармашылығы арқылы корейліктерге өз елін танытып, Отанының имиджін көтергісі келетінін айтады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

7
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Аманат

    • Жұмбақ жан says:

      Түрі де солардың әртістеріне ұқсаған. Түбі сонда қалмасына кім кепіл.

  • Алмаш Есенбаева says:

    жасайсын! биiктерден корине бер!аркашанда жолын ашык болып,максат муратына жете бер!

  • ҚАЗАҚ says:

    Əрине сəттілік тілейміз. Кəріс жігітке тұрмысқа шығып, жиендеріміз кəріс боп кетпесін

  • Жұмбақ жан says:

    Изденгенинди колдаймын , омирге акелген ел мен жерди умытпайтынына тилектеспин

  • Жұмбақ жан says:

    Жарайсын

  • Жұмбақ жан says:

    Енді қазақ жігітке тұрысқа шықсын, корей деп жүріп біреуіне тиіп алмай.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар