Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық қыз ер адам секілді киініп букмекерлік кеңсені тонап кетті

Астана қаласының полиция қызметкерлері букмекерлік кеңсеге ұрлық жасаған күдіктіні бір тәуліктің ішінде қолға түсірді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Астана қаласы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеп.

Астаналық қыз ер адам секілді киініп букмекерлік кеңсені тонап кетті

ІІД-нің хабарлауынша, белгісіз адамдар кілтті қолдану арқылы Бөгенбай батыр даңғылының бойында орналасқан букмекерлік кеңсеге кіріп, кассадан қомақты сома ұрлаған. Бет-әлпетін жасырған ұрылар кассадағы 1 миллион 340 000 мың теңгені қолды қылды.

Тергеушілер ұрлық туралы хабар алғаннан кейін бірден бейнебақылау камераларын қарап шығып, қызметкерлерден жауап алды. Алынған дәлелдерге байланысты полицейлер дәл сол кеңседе небәрі екі апта ғана жұмыс істеген 23 жастағы қызметкердің ізіне түсті. Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде күдікке ілінген қыз қысқа уақыттың ішінде букмекерлік кеңсесінің есігі мен сейфтердің кілттерінің көшірмесін жасап алған екен.

«Күдікті 5 тамызда таңғы сағат 05.00-те құрбысымен бірге «Олимп» букмекерлік кеңсесіне келген. Ол бейнебақылау камерасына түсіп қалмау үшін бетіне медициналық маска тағып, ұл секілді шашын жинап алдын-ала дайындалған кілтпен кеңсенің есігін ашып, дабылды өшірген. Осындай жолмен кеңсеге ұрлыққа түскен қыз кассадағы ақшаны алып, дабылды қайта қосып құрбысымен бірге есікті құлыптап, қашып кетті»,-делінген хабарламада.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау