Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Астаналық кәсіпкер қымбат көліктен бас тартып, көпбалалы отбасыға үй алып берді

Астанада орын алған бес қыздың трагедиясынан кейінгі мейірім эстафетасы жалғасуда. Есімін жасырып қалған астаналық кәсіпкер көпбалалы ана Жанар Үзденбаеваға баспана алып берді, деп хабарлайды пәтерді сатқан компанияға сілтеме жасап Stan.kz.

Астаналық кәсіпкер қымбат көліктен бас тартып, көпбалалы отбасыға үй алып берді

Көпбалалы ана қала шетінде пәтер жалдап тұрған. Енді ол үш бөлмелі пәтер кілтіне ие болды.

Қымбат автокөлікті армандаған кәсіпкер оның алғашқы жарнасын жинап үлгерген. Алайда Астанадағы өрттен кейін өзінің ақшасын пәтер сататын компанияға алып келген. 17 миллион теңге үш бөлмелі пәтерге жетпегендіктен, NovaCity компаниясы өз атынан 7 миллион теңге қосып, сондай-ақ, жөндеу жұмыстарын мойнына алған. Енді Үзденбаевтар көктемде дайын баспанаға кірмек.

«Бұл жаңалықты естігенде бірден сене алмадым. Түсім шығар дедім. Бірақ сату бөліміне барғанда қуанышымда шек болмады. Әсіресе, қыздарым бақытты. Енді олардың жеке бөлмелері болады. Сол адамға және барлықтарыңызға үлкен алғысымды айтамын”, – дейді көзіне жас алған Жанар Үзденбаева.

Астаналық кәсіпкер қымбат көліктен бас тартып, көпбалалы отбасыға үй алып берді

Жанар жалғыз өзі алты баланы тәрбиелеп отыр. 2015 жылы ол алтыншы сәбиіне жүкті кезде күйеуі қайтыс болған. Бұдан кейін Жанар бір бөлмелі пәтерді 85 мыңға жалдап тұруға мәжбүр болған. Пәтерақысының жартысын оның әпкелері төлеп көмектескен.

Әйелдің тұрақты табысы жоқ, себебі кіші баласы небәрі 3 жаста. Жанардың қолына тиетіні – алты балаға түсетін 78 мың теңге және мекен-жайлық көмек ретінде алатын 28 мың теңге.

Астаналық кәсіпкер қымбат көліктен бас тартып, көпбалалы отбасыға үй алып берді

Алайда бұл ақша жеткіліксіз, дейді “Күміс алқа” иегері. Себебі ақшаның бір бөлігі балалардың бірінің көзін емдеуге, тағы бір бөлігі екіншісінің сөйлеу қабілетін қалыпқа келтіруге жұмсалады. Әкесі қайтыс болған соң, ұл бала сөйлеуді қойған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр