Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық кәсіпкер қоқыстан ақша жасаудың жолын айтты

Астаналық кәсіпкер Ерекболат Қабылда қоқысқа тасталған қағаздан қалай пайда табуға болатынын айтты. Қазірдің өзінде ол жәй ғана қоқыстағы қағаздан орта есеппен бір айда 30-40 мың теңге пайда көріп отыр.

Бұл туралы Елорда инфо хабарлады.

«Қамқор» автобөлшек базарының басқарушысы Ерекболат Қабылданың айтуынша, қоқыста жатқан қағаздан ақша табуға болады. Әсіресе, сауда орталықтары, базарлар мен дүкендер үшін қосымша табыс табуға таптырмас мүмкіндік.

«Қамқор» автобөлшек сататын базар болғандықтан, тауарлар картон жәшіктерге салынып келеді. Базар сатушылары жәшіктерді қоқысқа жинамастан, қорап күйінде тастай салатын. Жинап салынбаған соң, ол көп орын алады. Қашан қарасаң қағаз қораптар қоқыс контейнерінің маңайында үйіліп жататын», – деді Ерекболат Қабылда.

Базар басшылығы аталған проблеманы шешу үшін қоқыс контейнерлерінің жанына арнайы қағаз жинайтын жәшік орнатуды жөн көрген. Әрі аула тазалайтын жұмысшыларға қағаз қораптарды кесіп, бір контейнерге жинау керектігін айтқан. «Ол үшін ақша төлемесе жинамаймын» деген аула сыпырушы айлығына 10 мың теңге қосылатынын естігенде бірден келіскен.

«Осылайша, күн сайын қоқысқа тасталған қораптар мен қағаздарды бөліп-бүктеп жинап басталық. Жиналған қағаздарды қабылдап, қайта өңдеумен айналысатын «Астана втор-ком» мекемесіне тапсырып отырамыз. Қағаздың бір келісіне 20 теңге төлейді. Айына орта есеппен 30-40 мың теңге табамыз. Ол ақшаны біз базардың қосымша қажеттілігіне жұмсаймыз», – дейді кәсіпкер.

Оның айтуынша, ірі сауда орталықтары мен дүкендерден бөлек, бұл әдіс ПИК-тер үшін де қосымша табыс табудың тиімді жолы.

Сонымен қатар, бұл тек ақша табудың ғана емес, халықты тәрбиелеудің ұтымды жолы, – дейді ол. Арнайы контейнердің тұрғанын көрген адамдар бірте-бірте қоқысты сұрыптап салу керектігіне көз жеткізеді.

Айта кетейік, бүгінде Астанада қағаз қабылдап, қайта өңдеумен айналысатын 10-нан астам мекеме бар. Қағазды қабылдау бағасы – 10 мен 20 теңге аралығында.

Тағы оқыңыз:

Елбасы Қанат Бозымбаевқа берілген сөгісті алып тастады

Бекболат Тілеухан министрге: Наурыз таяп қалса да менің балам әлі Ю әрпін оқып жүр. Бұл қалай?

Назарбаев: Парламент пен үкімет тек қана қазақ тілінде жұмыс істеуі керек

Аман Тасыған: Мейрамбек Бесбаевты ел жақсы жағынан таниды, ал шынайы бейнесін көргенде қабылдай алмай қалар еді

Талқылау