Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық дәрігерлер резеңке қолғап, бинт пен мақтадан шырша құрастырды

Астаналық дәрігерлер бірнеше сағатқа жұмысын ұмытып жаңа жылды ерекше атап өтті. Ұлттық ғылыми медициналық орталығының қызметкерлері қолдан шырша құрастырып жарысты. Бір қызығы, қиялға ерік берген ақ халаттылардың өздері тірі шыршаға айналған.

қолдан жасалған шырша

Бұл туралы ктк арнасы хабарлайды.

Флэшмобқа қатысқан еліміздегі жетекші орталықтың дәрігерлері шыршаны медицинада пайдаланатын заттардан жасаған. Негізінен резеңке қолғап, бинт, мақта, шприц пайдаланылыпты. Жаңа жылдың басты символы жиналғандардың таңдайын қақтырды.

Ал мешінді кәдімгі аяққа орайтын бахиладан құрағаны тіпті қызық. Шыршаны тіпті торт ретінде безендіргендер де табылған. Осылайша, өздеріне де, науқастарға ұмытылмастай көңіл көй сыйлаған дәрігерлер жаңа жылды думандатып қарсы алып жатыр.

Талқылау