Астаналық дәрігерлер насыбайдан зардап шегіп, ем іздеген жасөспірімдердің көбеюіне алаңдаулы

Елімізде осыдан үш жыл бұрын насыбай саудасына заң жүзінде шектеу қойылса да іс жүзінде саудагер сөресінде самсап тұр. Сұраныс көп деп түсіндіреді өздері. Психотропты заттың зияны турасында талай айтылғанымен, қолданушылар қатары өспесе, кемімеген сияқты.

Астаналық дәрігерлер насыбайдан зардап шегіп, ем іздеген жасөспірімдердің көбеюіне алаңдаулы

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Елордадағы ірі сауда орнында насыбай емін – еркін саудаланып жатыр. Оны сатуға ресми түрде тиым салынғаны туралы сатушылар бірінші рет естіп тұрғандай сыңай танытуда. Аламын деушілерге насыбайдың түр-түрін ұсынған саудагерлер түрлі маркетингтік айла да қолданады екен.

Адамды өзіне тәуелді ететін қарақошқыл затты тұтыну елімізде әсіресе соңғы 20 жылда кең етек жайды. Бағасы өте арзан әрі оңай табылады. Сатушылардың айтуынша, насыбай негізінен оңтүстіктен және көршілес Өзбекстаннан тасымалданатын көрінеді.

Мамандарға сенсек, насыбайдың құрамындағы әк, күл, тауықтың қиы секілді қоспалар ауыз қуысының шырышты қабатын зақымдайды. Әдетте осындай психотропты заттарды пайдалантындардың 80% осындай сырқатқа шалдығады. Ал, ақ халаттылар болса, соңғы уақытта насыбайдан зардап шеккен жасөспірімдердің ем іздеп жиі келетінін айтады.

«Бұл насыбайдың құрамында қорғасын, хром, никель сынды өте ауыр металлдар бар. Ол адам ағзасына кері әсерін тигізеді. Ең бірінші бауыр мен бүйрекке токсикалық түрде әсер етсе, екіншісінде ол обыр ауруын шақыруы мүмкін. Обыр, ол яғни өңештің, асқазанның обыр ауруларын және ауыз қуысының обыр ауруларына және мынау тіс жегісінің аурулары прадонтозға алып келуі мүмкін» – дейді дәрігер Азамат Байбалаев.

Сондай-ақ дәрігер мамандар бұл психотропты затты қолдану жүрек пен миға, ішкі органдарға да орасан зиян екенін айтады. Ал, мұндай улы зат неліктен әлі күнге дейін еркін саудаланып келетінін тиісті органдар түсіндіре алмады. Психолог мамандар болса насыбайды қолдану бұдан да әсері күшті заттарға әуес болуға шақырады деп дабыл қағуда.

«Бәрібір насыбай пайдаланған адам немесе темекіге тәуелді болып қалады немесе басқа да ауыр есірткілерге жол ашады. Себебі жасөспірім насыбайды пайдаланғаннан кейін басқа бұдан да қаттырақ әсер іздей бастайды. Басқа ауыр есірткілерді көруі мүмкін» – дейді психотерапевт әсел Жұбанышева.

Қазіргі таңда алкогольді ішімдіктер мен темекі өнімдерінің бағасы жыл санап қымбаттап барады. Бұл да аталмыш заттың кең таралуына өз әсерін тигізбей қоймайды. 2015 жылы насыбай психотропты заттар қатарына жатқызылып, оны сатуға, өндіруге тиым салатын заң қабылданған болатын. Бағынбаған адамға 6 мың мен 40 мың теңгеге дейін айыппұл салу қарастырылған еді. Ашық саудаға қарағанда, бұл жаза маса шаққан құрлы әсер бермейтін секілді.

Оқи отырыңыз:

«Болашақ» бағдарламасы бойынша оқытатын шетелдік оқу орындарының тізімі өзгерді

Алматы облысындағы майордың өлімі: Төбелестен тірі қалған жалғыз адам аяқ асты күдікті болып шыға келді

Елімізде молдалардың өлім-жітімде құран оқып тапқан табысы бақылауға алынуы мүмкін

Өскеменде жоғалып кеткен 66 жастағы кейуананың денесі темір жолдан табылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
17.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар