Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық дәрігерлер ісік ауруын емдеудің тың әдісін үйреніп жатыр

Астаналық дәрігерлер ісік ауруын емдеудің тың әдісін үйреніп жатыр. Яғни, енді ақхалаттылар науқасты ядролық медицинаның көмегімен аяғына тұрғызбақ. Бұған оларға малайзиялық мамандар көмектесіп, шеберлік сағатын өткізуде. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Шетел дәрігерлерінің айтуынша, қатерлі дертті ядролық жолмен емдеу өте тиімді. Бұл ауруды ерте кезден анықтап, толығымен емдеуге таптырмас мүмкіндік береді. Яғни, науқасқа радиофармацевтикалық препаратты ексе жеткілікті, ол қатерлі ісіктің ошағы орналасқан жерге барып ұйып қалады екен.

Кейін құрылғының көмегімен, ем жүргізіп, сырқат жанды толық емдеуге болады дейді мамандар. Әзірге Президент іс басқармасы клиникасының дәрігерлері ғана осы ядролық медицинаны меңгеріп жатыр.

“Бұл медицинадағы жаңа инновациялық бағыттардың бірі. Енді оны толық меңгеріп жатқан президент іс басқармасының дәрігерлері осы айдың соңынан бастап науқастарға ем жүргізе бастаймыз”, – дейді ҚР президенті іс басқармасы медициналық орталығының дәрігері Айгүл Сәдуақасова.

Тағы да оқыңыз:

Дәрігер уақыты жоқ екенін айтты: Ата-анасы бір жасар қыздың өліміне дәрігерді кінәлап отыр

Дәрігер: Шашын бір жылда 6 реттен көп бояйтын әйел ракпен ауырады

Ғалымдар: Тәттілер қатерлі ісікке шалдықтыруы мүмкін

Алматы облысының тұрғыны рак ауруын жеңіп шықты

Талқылау