Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық дәрігерлер инсульт алған жүкті әйелді аман алып қалды

Ұлттық нейрохирургиялық орталықтың дәрігерлері инсульт алған әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды Қазақпарат.

20170719165639

Әйелдің жүктілігіне 38 апта болған. Оның миына қан кетіп ауыр жағдайды жеткізілді.

«Ол жоғарғы артериалды қысым кезінде инсульт алған. Мальформацияның немесе аневризма дертінің белгілеріне ұқсас болды», – дейді бөлім меңгерушісі Ербол Махамбетов.

Дәрігерлер науқастың миында мальформация жарылған деген диагноз қойды. Ақауды алып тастамаса жағдай қайталануы мүмкін болған.

Алдымен дәрігерлер ақауды алып тастау отасын жасап, кейіннен баланы босандыруды жөн деп тапты. Екі күннен соң әйелді Аналар мен балалар ұлттық орталығына жіберді. Ол жерде кесір тілігі арқылы сау бала өмірге келді.

Қазір анасы мен баласының жағдайы жақсы. Емханадан босатылды. Қазақстанда бұл дерт сирек кездеседі. Ұлттық нейрохирургия орталығында екіншіт ет кездесіп отырған жағдай.

Тағы да оқыңыз:

Қарағандыда қоғамдық көлік шопырлары қан-жоса болғанша төбелесті (видео)

Айқынның Жұлдыз Өмірғалиге үйленіп, отбасын тастап кеткені рас па (фото)

Талқылау