Астаналық дәрігерлер босанушы әйелдің жүрегіне ота жасап, ажалдан арашалап қалды

Астаналық дәрігерлер сирек кездесетін диагнозы бар ауыр патологияға шалдыққан босанушы әйел мен ұлын ажалдан арашалап қалды.

Астаналық дәрігерлер ауыр патологияға шалдыққан босанушы әйел мен сәбиін өлім аузынан құтқарып қалды

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Таңғажайып құтқару операциясы Астанадағы №2 қалалық ауруханасында болды. Жүктіліктің 35-ші аптасында болған 31 жастағы Сабира Әбенова ауыр жүрек жеткіліксіздігі диагнозымен акушерлік бөлімге түсті.

Жүректің созылмалы қолқаның жеткіліксіздігі және артериалдық қысымның өткірлігі
диагнозы қойылған анаға шұғыл хирургиялық емдеу қажет болды.

«Бізге ұзақ уақыт бойы алғаш рет ауыр патологияға шалдыққан науқас түсті. Бұл диагноздың салдары көбінесе өлімге әкеп соғатын», – деді аурухананың бас дәрігері Иван Ли.

Осындай сирек кездесетін диагнозы бар жас анаға екі команда яғни, кардиохирургтар мен акушер-гинекологтар ота жасады.

Астаналық дәрігерлер ауыр патологияға шалдыққан босанушы әйел мен сәбиін өлім аузынан құтқарып қалды

Дәрігерлер оған кесарь тілігін жасауға шешім қабылдады. Осылайша, ота сәтті өтіп, өмір мен өлім арасында жатқан әйел салмағы 3100 грамм тартатын ұл баланы дүниеге әкелді.

Баспасөз-конференцияда бұл оқиғаны естіп, таңғалған журналистерге тосын сый жасалды. Олармен кездесуге ауыр патологияға шалдығып, өлім аузынан қалған Сабира Әбенованің өзі күйеуі мен жаңа туған сәбиін алып шықты.

Астаналық дәрігерлер ауыр патологияға шалдыққан босанушы әйел мен сәбиін өлім аузынан құтқарып қалды

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
20.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар