Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық әйел сәбиін күні бойына қорапқа жатқызуға мәжбүр

Астаналық жас келіншек кішкентай сәбиін аштан қалдырмау үшін күн-түн демей жұмыс істейді. Қолайсыз жағдайға қарамастан, жас ана перзентін қорапқа жатқызып, өзі донер әзірлеуге мәжбүр, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы Тимур Моржиков есімді азамат Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Бұл суретті Астана қаласындағы Бөгенбай батыр мен Бейбітшілік көшелерінің қиылысында орналасқан дәмханада жасырын түрде түсіріп алдым.

Микротолқынды пештің астындағы қорапта күні бойы жатқан мына сәбиді көргенде жүрегің қан жылайды. Анасы баласын асырау үшін күні бойы донер әзірлеуге мәжбүр. Оны даттауға болмас! Күн көру үшін барын салып жатыр… ЭКСПО сияқты дүниелерге ақша жұмсап, жалғызбасты аналарды қараусыз қалдырған біздің мемлекетті айыптау керек!» – деп жазды автор.

Желі қолданушылары әйелге көмек қолын созу үшін онымен байланысқа түсу жолдарын сұрап әлек. Тіпті, бір қайырымды жан сәбидің анасына жұмыс тауып беруге көмектескісі келетінін айтты.

Жіберіп алмаңыз:

«Сиыр-говядина, қой-баранина»: Дәмханада жазылған аударма сөз жұртты күлдірді

Қарағанды облысында 5 жыл сексуалды құлдықта болған әйелге қатысты іс тоқтатылды

Қорғаушысы: Қытайда түрмеде отырған Ақжарқын Тұрлыбайдың ақталуына сенім бар

Оралда мұғалімдер орамал таққан оқушыларды мектепке кіргізбей қойды

Талқылау