Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық аурухана анықтамасын сатып алғаны үшін сотталды

Аталған іс Астана қаласының Есіл ауданы №2 сотында қаралды. Ер адам ол анықтаманы жұмысқа барғысы келмегендіктен жасатып алған екен.

Бұл туралы patrul.kz басылымы хабарлайды.

Оқиға 2017 жылдың тамыз айынан басталған. Ж есімді азамат жұмысқа барғысы келмегендіктен ауруханадан анықтама қағаз сатып алған. Аталған құжатты ол қалалық ауруханалардың бірінен алған екен.

“Ер адам бұл құжатты 6 000 теңгеге сатып алған. Аталған анықтаманы ол бастығына беріп үлгерген. Есіл ауданының №2 сотының шешімімен Ж есімді азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 3-бөлім, 385-бабына сәйкес сотталды. Осы қылмысы үшін ол 100 сағат қоғамдық жұмыстармен айналысуға міндеттелді”, – делінген баспасөзде.


Жіберіп алмаңыз:

Қызметкерлер интернаттағы мүгедек балаларды кереуетке байлап, есірткі берген

Әйел бет тазарту процедурасынан кейін көз жұмды

Алматыда сауда орталығының 3-қабатынан құлаған бала есін жиды

Ақтөбеде зорлаушыдан қашқан 21 жастағы қыз терезеден секіріп кетті

Талқылау