Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық әке 4 жылдан бері қызын бір көруге зар болып жүр

Елдар Қарабаев бауыр еті баласын көруге зар болып жүрген әке. Туған қызын төрт жылдан бері көрмеген. Айтуынша, отбасындағы кикілжіңнен соң шаңырағы шайқалып, әйелімен екі бөлек кеткен. Осы жайттан соң анасы Елдарға қызымен қауышуға тыйым салған.

эжзхр

Бұл туралы «Пендеміз ғой» бағдараламасында айтылды.

«Әйелім маған қызымды көруге рұқсат етпей отыр. Бірақ менде қызымды көруге рұқсат етілген төрт бірдей сот шешімі бар. Заң бойынша әке мен шеше қызын көруге тең құқылы. Қазір қызымның құқығы бұзылып жатыр. Қызым оны білмейді. Ал өскенде бәрі кеш болады» дейді кейіпкер.

Елдардың басындағы жағдаймен қазақстандықтар өткен жылдан бері таныс. Арада жыл өткенмен, нәтиже жоқ болып отыр. Азамат тұрақты түрде алимент төлейтініне сендіргеніне қарамастан, қызымен қауышу ол үшін әзір орындалмас арман. Бұрынғы әйелі тіпті баласының тегін де өзгертіп жіберген екен. Елдар мырза қызының анасымен өсуіне қарсы емес. Бірақ қызының әкесіз өскен анасының тағдырын қайталауына қарсы.

«Қызым қазір алты жаста. Оны көрмегеніме төрт жыл болды. Алиментті кешіктірмей төлеп жүрмін. Маған баламды не себепті көрсетпейтінін бұрынғы әйелім түсіндірмейді. Ал өзіміз 2012 жылдың аяғында ажырастық. Бірге тұрған уақытта түсінісе алмадық. Бір күні әйелім ажырасқысы келетінін айтты. Баламды көруге тырыстым. Хабарлассам әйелім телефон көтермейді, есігін ашпайды. Артынша нөмірін ауыстырып тастады. Сөйтіп бірден білім басқармасына хат жаздым. Олар қызыммен кездесуіме қатысты кесте жасап берді. Яғни қызымды аптасына бір рет көруге құқығым бар. Мұны келіншегім де біледі. Бірақ ол бұл шешіммен келіспей, апелляцияға берді. Бұрын Астана қаласында тұрған еді. Қазан айынан кейін Алматы қаласына көшіп кетті. Әйелімнің туыстары туралы ақпаратты білмейді екенмін. Өзім отбасын құрмадым, ал әйелімді білмеймін», – дейді Елдар мырза.

Осы орайда, бағдарламаның тұрақты психологы Венера Тельжанқызы өз кезегінде ерлі-зайыптылардың психикалық жарақат алып қалғанын айтып өтті.

«Бұл жерде терең психотравма бар. Бұл екі тараптан да болып тұр. Қазірдің өзінде қаншама шыға алмай жатқан эмоция бар. Бір шетінен сізді де, келіншегіңізді де түсінуге болады. Меніңше, сіз келіншегіңізді де қайтарып алғыңыз келетін сияқты. Осы уақытқа дейін сізбен психолог жұмыс істеді ме? Яғни соттың психологынан басқа адамға барып қаралдыңыз ба? Сізге маман ретінде жаным ашып отыр. Сөзіңіз бен әрекеттеріңіз үйлеспейді. Мұнда беті ашылмаған көптеген дүние бар. Сұрақ қойып қазбалай беретін болсам, бұл кісінің травма алғаны анықталады. Ол кісілер маған апта сайын келіп отыратын болса, көмек көрсетуге дайынмын. Ол әйел сізді ұқпайды. Себебі жаны жарақаттанып қалған. Араға сотты салудың қажеті жоқ. Жаңа айтып өткенімдей, бұл ерлі-зайыптының арасында айтылмаған терең сырлар бар», – дейді Венера Тельжанқызы.


Жіберіп алмаңыз:

Ақтаулық әйелді 11 жерінен жарақаттаған кәріс дәрігері одан кешірім де сұрамаған

Қазақстандық әже 6-қабаттан түнгі клубтың шуылын еститінін айтып налыды

Бірден үш қызға үйленген елордалық жігіт жұртты дүрліктірді (видео)

Халыққа 10 сотық жер беру мемлекеттік мұқтаждыққа жатқызылмақ

Талқылау