Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық 74 жастағы әжей әлі күнге дейін спортпен айналысады (фото)

Астана тұрғыны 74 жастағы Тамара Көпжанова белсенді түрде фитнес және жүгірумен айналысады. Ол бес жылдан бері салауатты өмір салтын ұстанып жүр.

скачанные файлы

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Астанаға көшіп келгесін Тамара Қанапияқызы әйелдерге арналған Fit Emotion фитнес-студиясына жазылған. Осы жерде әжей жастар секілді түрлі жаттығулар жасайды. Оның кестесі бойынша, аптаның бес күнінде фитнеспен айналысса, ал демалыс күндері жүгіреді. Осындай белсенді өмір салтына ұстана отыра, Тамара әжей немерелерін де тәрбиелеп, аспазшылық жасап та үлгеріп жүр.

скачанные файлы

“Мен спортпен бес жылдан бері айналысып жүрмін. Жастарға бүгіннен бастап спортпен шұғылдануға кірісуге кеңес берер едім. Мұндай өмір салтының денсаулыққа пайдасын айтпағанда, рухани жағынан да берері мол”, — дейді ол. Спорттың арқасында Тамара әжей өзін өте сергек сезінеді, бойындағы күш-қуаты да жеткілікті.

скачанные файлы

Жіберіп алмаңыз:

Шымкентте 72 жастағы әже спорт алаңшасында жаттығып жүр

Аулада спортпен шұғылданған атыраулық әже ғаламтор жұлдызына айналды

Көру қабілеті минус 17 болатын қазақстандық азамат спортпен айналысып, университетте білім алады

Талқылау