Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық үлескерлердің ақшасын ұрлаған экс-депутат Австрияда ұсталды

Астаналық үлескерлердің ақшасын жымқырып шетел асқан экс-депутат Австрияда ұсталды. “Азбука жилья” құрылыс компаниясының басшысы Ерқанат Тайжанов қазір сол елдің тергеушілеріне жауап беріп жатыр деп хабарлайды КТК телеарнасы.

dfe58a14-9462-4e9d-b0c4-9bdc0e6b9715

Сурет today.kz

Атышулы кәсіпкер 4 мыңнан астам үлескердің баспанаға деп жинап берген 27 миллиард теңгесін қалтасына басып, із суытқан еді.

Жұрттың сеніп тапсырған миллардтарын жымқырған Мәжілістің бұрынғы депутатын елге қайтару үшін Бас прокуратура Австрия билігіне өтініш жолдамақ. Бірақ, бұл қиынға соққалы тұр. Өйткені, әзірге Австрия мен Қазақстан арасында қылмыскерлерді экстрадициялау туралы келісім жоқ.

Талқылау