Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанаға пойыздың үстіне мініп жетпек болған жігіт тоққа түсіп қалды

Көкшетауда 25 жастағы жігіт электровоздың үстіне шығып, Астанаға жетпекші болды. Алайды, тоққа түсіп, денесі күйіп қалды. Бұл туралы КТК хабарлады.

Жігіт ақшасы болмай Көкшетаудан Астанаға тегін жетіп алғысы келіпті. Электровоздардың аса жоғары кернеулі токпен жүретінін білмеген. Оны электровоздың үстінде  29 мың вольт тоқ соққан. Екі аяғы жанып, пойыз үстінде жан дауысы шыққан жігітті көрген өзге жолаушылардың зәресі ұшқан. Оны әрең дегенде электровоздан түсіріп алып, теміржол қызметкерлері жедел жәрдем шақырған.

Қазір денесінің жартысына жуығын күйік шалған жігіттің өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер барын салып жатыр.

ме, әйтеуір ол . Ол тіпті қысқы суық ауа райы жайлы да ойланбаса керек. Сөйтіп, теміржол қызметкерлері көзін ала бере электровоздың үстіне шығып мініп алған.

«Қазір жағдайы өте ауыр. 2 аяғы жанған,күйіктері көп. 3-ші 4-ші дәрежеде. Жағдайы түскен кезге қарағанда кішкене жеңілденді. Бірақ өте ауыр науқас болып саналады», – дейді травматолог-дәрігер Елдос Қайыржанов

Тағы оқыңыз:

Ақмола облысында 6 айлық нәресте белгісіз себептермен қайтыс болды

Көмектесудің орнына видеоға түсірген: Астаналық жігіттердің әрекеті жұрттың жағасын ұстатты (видео)

Астанада қатты боран университеттің шатырын жұлып әкетті

Талқылау