Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанаға Кейкі батырдың басы жеткізілді

6 қазан күні таңертең Астана әуежайына Мәскеуден келген арнайы ұшақ келіп қонды.

енеееее

Фото: yvision.kz

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, ұшақ бортында Кейкі батырдың сүйегі болған. Аса құнды мұраны алып ұшқан ұшақ Астана уақыты бойынша 05.00-де келіп қонған. Қазіргі таңда көтерілісшілерді бастап шыққан қолбасшының сүйегімен арнайы мамандар жұмыс істеп жатыр.

Кейкі батырдың бас сүйегі бүгін таңғы сағат 04:50-де Мәскеуден арнайы бортпен елордаға жеткізілетінін естігендер Астанадағы халықаралық әуежайына жиналған болатын. Алайда, бас сүйектің бұл уақыттан бұрын арнайы рейспен жеткізілуіне байланысты жиналған қауым оны салтанатты түрде қарсы ала алмады деп хабарлады ҚазАқпарат.

“Біздің естіген ақпаратқа сүйенсек, батырдың бас сүйегі арнайы рейспен келіп жатыр. Осы орайда еліміздің танымал ғалымы, белгілі этнограф, профессор Нұрсан Әлімбай Ресейде бас сүйекті қабылдап алып, елге жеткізді деп естідік. Енді ғалымдар арнайы сараптама өткізетін болар. Батыр бабаның бас сүйегін салтанатты түрде қарсы алу керек еді, өйткені Астана әуежайына ел азаматтары, батырдың ұрпақтары мен туыстары келді. Бұл тұрғыда күндіз Үкімет ресми түрде өз мәлімдемесін жасайды деген ойдамын”, – деді саясаттанушы, қоғам қайраткері Берік Әбдіғалиұлы.

Еске сала кетсек, өткен ғасырдағы ұлт-азаттық қозғалыс басшылары Кенесары хан мен Кейкі батырдың басын елге жеткізу мәселесін экс-премьер-министр Кәрім Мәсімов көтерген болатын. Өз кезегінде Ресей үкіметінің басшысы Дмитрий Медведев бұл мәселені шешіп беруге уәде еткен еді.

Кейкі батыр 1923 жылы сәуір айында қаза тапқан. Кейкі Көкембайұлы Ресей патшасының 1916 жылғы маусым жарлығы себеп болған (ел аузында «июнь жарлығы» деп аталады) Торғай қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісіне алғашқы күндерінен белсене араласып, сол көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі болды. Күйік қопасындағы соғыста, Торғай қаласын қоршау кезінде және патшаның жазалаушы отрядтарына қарсы соңғы ұрыс – Доғал шайқасында ерекше ерлік көрсетті. Бұдан соң оның басы Ресейге тапсырылған. Ал қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымов 1847 жылы қайтыс болған. Оның да басы Ресейге жөнелтілген.

Бұған дейін Кейкі батырдың бас сүйегі Санк-Петербургтен кунсткамерадан табылған еді. Сенатор Ресейден Кейкі батырдың басын қайтаруды сұраған.

Талқылау