Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанаға 2020 жылы 3 миллион турист келеді деп күтілуде

Елорда басшылығы 2020 жылға қарай Астанаға ағылатын туристер жайлы айтты. Астана инвестициялар және даму басқармасының басшысы Әлішер Әбдіқадыровтың айтуынша, халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінен кейін, бүкіл әлем Астананы қонақжай әрі заманауи қала ретінде таныды. Сондықтан алдағы уақытта елордаға ағылатын туристер қатары еселенетін көрінеді.

ТУРИСТЫ

«Өздеріңіз білесіздер, алға қойған өр мақсаттарымыз бар. Бүгінгі таңда қолымызда 2020 жылға қарай Астанаға ағылатын туристер санын арттыруды көздеп отырған стратегиялық жоспарымыз бар. Елордаға келетін қонақтар саны 2020 жылы үш есеге артпақ, шетелден жылына 1 миллион, ал еліміздің өзге қалаларынан 2 миллион мейман келеді деп күтілуде», – деп мәлімдеді ол.

Әбдіқадыровтың айтуынша, 2016 жылы елордада 165 қонақүй жұмыс істесе, бүгінде олардың саны 201-ге жеткен. Ондағы бөлмелердің толуы үш есеге артқан. Хостелдер саны 36-дан 95-ке дейін өскен. Ал қонақүйлер мен қоғамдық тамақтану орындарынан түсетін салық мөлшері бір ғана тамыз айында 170 миллионнан асып жығылған.

Бұдан бөлек, Әбдіқадыров 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Астанаға әуе жолы арқылы 1,5 миллион адамның келгенін айтты. Оның ішінде 600 мың адам шетелден келген көрінеді.

Жіберіп алмаңыз:

Тойхананың ақысына ақшасы жетпеген жігітті қалыңдығы сол жерде тастап кетті

Көкшетауда білімін жетілдіруге келген ұстаздар қаңғып қалды

Ақтөбелік жігіт Германиядағы сән сахнасын бағындырды (фото)

Алматылық альфонс 11 әйелді сан соқтырып кеткен

Талқылау