Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадан Алматыға келе жатқан әйел пойызда көз жұмды

Астанадан Алматыға бағыт алған жолаушылар пойызында әйел адам қайтыс болды.

Астанадан Алматыға келе жатқан әйел пойызда көз жұмды

Бұл туралы қазақстандық блогер Дина Таңсәрі өзінің әлеуметтік парақшасында жариялады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Бүгін мен мінген «Бәйтерек» жолаушылар пойызында бір әйел көз жұмды. Өлімнің себебін білмеймін және алдын ала болжам жасауды қаламаймын. Егер менің де қан қысымым көтеріліп кететін болса, менде Алматыға жетпес едім. Әдеттегідей, жолсерік өлім аузында жатқан жолаушы үшін пойыз ішінде дәрігер бар ма соны сұрап жүрді. Ешкім адам өліп бара жатыр, сол үшін жүрек немесе қан қысымына арналған дәрі-дәрмек керек деп айтқан жоқ. Ол жәй ғана дәрігер бар ма, жоқ па соны ғана сұрады. Оның сұрағына бірде-бір жолаушы жауап бермеді. Ал біз сыртқа шыққанда, қайтыс болған әйелді қара салафанға орап жатқанын көрдім. Марқұмның жанында жылап тұрған ер адамқа қарап, жаман болдым. Неге пойызда дәрігерлер жоқ? Егер сіздер тірі адамдарды ауа жетпейтін жерде осылай тұмшалап қойсаңыздар біздің өмірімізге, қарт ата-аналарымыздың және балаларымыздың өміріне қалай сенім арта аламыз», – дейді блогер Дина Таңсәрі.

Таңсәрінің айтуы бойынша, «Бәйтерек» пойызының вагонында терезе ашылмағандықтан, бөлмені желдету мүмкіндігі болмады.

«Дивандардың жастықтары синтетикадан жасалған, ал вагондарда ауа айналымы жоқ болғандықтан, пойыздың ауасы улы. Түнде әрең тыныс алдық. Тіпті салқын болған сәттер де болды. Ал күндіз күн ыси бастағанда ауа кондиционерлері нашар жұмыс істеді. Біз кондиционердің шуын естігенімізбен, таза ауаның лебін мүлде сезбедік. Осындай тұншықтырарлық ыстықта Алматыға баруға тура келді», – деді ол

Оқи отырыңыз:

Ақмола облысында құдалыққа бара жатқан адамдар жол апатына ұшырап, төртеуі ажал құшты

Алматыда көп қабатты үйден өрт шығып, 30 адам эвакуацияланды (фото)

Қызылорда облысында бір жасар қыз кәстрөлдегі суға тұншығып өлді

Рудныйда жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, 1 адам көз жұмды

 

Талқылау