Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадан Алматыға күніне үш жүрдек пойыз қатынайтын болады

“Жолаушылар тасымалы” АҚ баспасөз қызметі 2016-2017 жылдарға арналған жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне орай кейбір пойыздардың журу уақыты мен нөмірлеріне өзгерістер енгізгенін хабарлады.

20161102110515

2016 жылдың 11 желтоқсанынан бастап төмендегі пойыздардың нөмірлері өзгерді:

– “Алматы-2-Астана” бұрын №1/2 болса, енді №701/702;

– “Алматы-2-Петропавл” бұрын №701/702 болса, енді №705/706;

– “Астана-Шымкент” бұрын №79/80 болса, енді №707/708.

Сонымен қатар 2016 жылдың 11 желтоқсанынан бастап №3/4 “Алматы-2-Астана” пойызы және 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап №11/12 “Алматы-2-Шымкент” пойызы жаңа үлгідегі “Тұлпар-Тальго” кең кузовты вагондармен жасақталатын болады.

Жолаушылар пойызын қанағаттандыру мақсатында енді Астанадан Алматыға күніне “Тұлпар-Тальго” вагондарынан құралған үш жүрдек пойыз (№3/4, 701/702 және 705/706) қатынайтын болады.

Талқылау