Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадан 180 шақырым қашықтықта жаңа “туристік қазына” табылды

Астанадан 180 шақырым жерде мөлдір суымен Сілеті өзені кесіп ағып жатқан таулы шатқал бар. Дәл осы жердің сұлулығы Қазақстанның жаңа туристік тынысын ашуға жарап тұр. Олай деуге себеп те бар.

4a3818c5485b9d78c08f75c31aec9485

Фото: vk.com, rosphoto.com, kz.geoview.info

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Еліміздің тағы бір туристік қазынасы болуға тұрарлық бұл аймақтағы өзенге түсіп экстремалды түрде жүзуге әбден болады.

d5983bef2033a6c371ba7d8a8f7690d3

Бұл жан-жағы мыңдаған шақырымға жететін таулы өзенде еркін жүзуге болатын бірден-бір айтулы орын. Айтпақшы, өзеннің өзіндік Үлкен шатқалы бар. Бұл орынды сібірліктер баяғыда-ақ ұнатып, көздері түскен екен.

“Кең даламен кетіп бара жатып, ал кәне құз-шатқалдар дейсің. Кенеттен картина өзгеріп сала береді. Мен таңқалғаннан тұрып қалдым. Тап-таза су, құз-жартастар және жағалау расында көз тоймас сұлулық”, – дейді ресейлік блогер Странник.

d5d8308fb109db6ea130630643ae66b0

Ал балықшылар су астындағы жүзіп бара жатқан балықтарды сүңгімен аулай салады. Сілетінің тағы бір ерекшелігі – судағы қара шұңқырлар. Дайверлер бұл су астындағы терең үңгірлерге ұмтылмаған дұрыс деп есептейді. Ал өзеннің жағалауынан да сондай үңгірлерді кезіктіруге болады.

bcc5e0fe0790d02ba0e16824e0f36084

Бірнеше жылдан бері Сілетідегі жүзу және қыдырту экскурсиясын елордалық туристік компания ұйымдастырып келе жатыр. Үш күндік жүзу құны 10 мың теңгеден аспайды.

Талқылау