Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы жылы аялдаманы бұзақылар қирата жаздаған

Астанадағы аты шулы жылы аялдаманы енді бұзақылар қиратпақ болған. Белгісіз азаматтар ішіндегі қала картасын жыртып, қабырғаға ілінген зпаттарды сындырып тастаған.

0910bc706d8b585b6cff1f6a3c96db7e

Бұл туралы желі қолданушысы Эльмира Қасымова оқиға орнынан суреттермен бөлісе отырып, хабарлаған.

” Бұл аялдамада суықтан қорғануға болады. Әрине жақсы. Бұл үшін азды-көпті қаржы да жұмсалды. Бірақ, қазір басқа жайтты айтқым келіп тұр. Адамдар өздері осында жылынып тұрады. Бұның ішін не үшін қиратады?”,-дейді желі қолданушысы.

3a6870a7f60f3f9a299611283958f19c

Расымен де бұл аялдамалардың бағасына қатысты бірнеше рет дау шықты. Астанадағы жылы аялдамаға кеткен шығынды есептегендер көрші Ресей жерінде салынған тура осындай құрлыстың шығыны төрт есеге аз деген еді. Қала әкімі де белсенділердіңнаразылығынан кеін арнайы тексеру жүргізетінін айтқан еді. Араға аздаған уақыт салып, Астана әкімі қомақты  қаржының орынды жұмсалғанын айтқан еді.

Талқылау