Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы ЭКСПО көрмесіне жарты миллион қытайлық келетін болды

“ЭКСПО-2017” көрмесіне қатысу үшін қытайлық туристер үшін 500 мың билет сатылу көзделіп отыр екен.

fe552fea55ccbb14464cceedeb9

Фото: kapital.kz

Бұл туралы ru.sputniknews.kz хабарлайды.

“Астана ЭКСПО-2017” ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Ербол Шормановтың сөзінше, жалпы көрмеге 5 миллион адам келеді деп жоспарлануда. Олардың 85 пайызы қазақстандықтар болса, 15 пайызы шетел азаматтары.

Қазіргі күнге дейін 74 мың билетке жауапты қазақстандық туркомпаниялармен бес келісімге қол қойылған.

“ҚХР үшін 500 мың билетті сату үшін қазіргі таңда маңызды қытайлық туроператорлармен келіссөздер аяқталуға жақын”, – деді Шорманов Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығына арналған өңірлік форум барысында.

ЭКСПО құрылысының нысандары жыл аяғына дейін аяқталмақ. “ЭКСПО-2017” халықаралық көрмесі келесі жылдың 10 маусым-10 қыркүйек аралығында өткізіледі.

Талқылау