Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы супермаркеттердің біріне бомба “қойған” тұрғын сотталды

Астанадағы супермаркеттердің бірінде жарылғыш зат бар деп жалған хабар берген елорда тұрғыны бас бостандығынан айырылды.

1390973

Фото: Жоомарт Ураимов

Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

Соттың берген мәліметінше, оқиға 2016 жылы 12 желтоқсанда болған. С. есімді азамат мас үкйінде полицияға хабарласып, SMALL супермаркетінде жарылыс болатыны туралы айтқан.

Астана қаласы Алматы аудандық №2 сотының үкімімен С. есімді азамат ҚР ҚК 273-бабы бойынша айыпты деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды. Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қабылданған рақымшылық заңына сәйкес жаза мерзімі бір жыл алты айға дейін қысқартылды. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанда қандай қылмыстар үшін азаматтықтан айыруы мүмкін

Жер дауынан кейін әзірленген заң жобасы парламентке түсті

87 жастағы академик Төрегелді Шарманов ұзақ жасаудың құпиясын ашты

Павлодарлық жігіт полицейдің көлігінің үстіне шығып алып селфи жасады

Талқылау