Астанадағы спорт кешенінің киім ауыстыру бөлмесінен камералар табылды

Сейсенбі, 5 Желтоқсан , 2017 13:43

Астанадағы спорт кешенінің киім ауыстыру бөлмесіне не себепті камералар орнатылғаны жайлы кешеннің орынбасары Денис Устинов түсіндіріп берді, деп хабарлайды Қазакпарат.

Мирас Шекенов есімді Facebook әлеуметтік желісін пайдаланушы «Алатау» спорт кешенінде ерлердің киім ілетін бөлмесінде бейнекамералар орнатылғанына наразылық білдірген болатын.

Осы орайда ҚазАқпарат тілшісі спорт кешенінің әкімшілігінен аталған мәселенің мән-жайын сұрастырды.

Кешен басшысының орынбасары Денис Устиновтың атап өтуінше, бассейнге келушілер заттарының жоғалу оқиғалары жиілеп кеткендіктен, бейнекамераларды орнатуға тура келген.

«Бізде ерлердің киім ілетін бөлмесінде ұрлық оқиғалары жиі байқала бастады. Осы ретте жергілік полиция қызметі бізге бұл мәселеге қатысты тиісті шараларды қабылдауға өтінімдерін жолдады. Біздің бюджетті ескере отырып, шараларды жүзеге асыру сәл қиындау болды. Себебі құнды заттар үшін «локерлерді» немесе жаңа шкафтарды орнату айтарлықтай қаржы шығынын қажет етеді. Бұл тұрғыда бізге бұл шаралар қолжетімді емес, сондай-ақ  осы заттарды мемлекеттік сатып алулар жоспарына ертерек енгізу керектігін де ескеру қажет. Ал бақылау кемерасын орнатуға мұндай қадамдар қажет емес», – дейді ол.

Дегенмен де ол жақын арада спорт кешенінде аталған мәселеге байланысты басқа шаралар қабылданатынын атап өтті.

«Енді біз қажетті жабдықтарды мемлекеттік сатып алуларға енгіздік және құнды заттарға арналған локерлер таяуда орнатылады. Бізге осы жабдықтар жеткізілгенше, ұрлыққа тосқауыл қою керек болды, себебі камера болмаған кезде заттардың жоғалуы күн сайын орын алды. Сондықтан амалсыздан осындай шешімге бардық»,- деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, бейне камера тұрғасын, ұрлық күрт төмендеді. «Камералар орнатылғаннан кейін бізде тек 2-3 оқиға ғана тіркелді. Дегенмен айыптылар лезде табылды», – деді Устинов.

Спорт кешені әкімшілігінің өкілі бұндай шара тек ерлердің киім ілетін бөлмесіне қатысты қабылданғанын жеткізді. Оның айтуынша, әйелдер бөлмесінде мұндай оқиғалар тіркелмеген.

Тағы да оқыңыз:

ОҚО тумасы ауылына 120 миллион теңгеге спорт кешенін салып берді

Пайғамбардың (с.ғ.с.) топырақ туралы хадисі ғалымдар тарапынан дәлелденіп елді таңғалдырды

Бахтияр Артаев: Спортта жүрген қандастарымыздың арасында жат ағымдарға ілескендері көп

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар