Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы сән апталығында біз өкше киген жігіт жұртты таңғалдырды (фото)

Қазақстанда он жетінші рет өткізіліп отырған сән апталығы да өз мәресіне жетті.

2008256

Фотолар: Болат Шайхинов.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Қазақстандық дизайнерлер Миланнан келген қонақтарға коллекцияларын таныстыруға мүмкіндік алды. Отандық кутурьелердің бірі жуырда Еуропа халқын таңдаулы образдарымен тәнті ететін шығар, кім білсін.

Kazakhstan Fashion Week биылғы жылы несімен таңғалдырды —фоторепортаждан тамашалаңыздар.

2008373

Қазақстандық модель Қорлан Мәдидің нәзік саусақтарына сән берген тамаша сақина-жүзіктерге қарасаң көзің тоймайды.

2008725

Мерекелік кеште сізді ешкім танымағанын қалайсыз ба? Олай болса, “ІӘ” брендінің сәнді баскиімдерін киіп көріңіз.

2008798

Мұндай сәнді көзілдірік, әсіресе, мерекелік кештерге қолайлы деп ойлаймыз: достарың мен таныстарыңды көргің келсе – әйнектерін көтеріп аласың, жұрттан оқшауланғың келсе, керісінше, түсіріп қоясың.

2008867

Бетперде, қауырсындар мен арудың иығына төгілген бұйра шаш… Бүгінгі таңда сән әлемінде ескінің қайта жаңғырып жатқанын байқаймыз.

2009208

Осы аптада тойланған Ғарышкерлер күні де назардан тыс қалмады.

2009360

Мұсылман қызының осы бір бейнесінде қарапайымдылық пен сән-салтанат үйлесім тапқан сияқты.

2009435

Міне, қазіргі заманғы қалалық жігіттердің сәнді келбеті осындай!

2008256

Қазақстандық бренд “Nailya” коллекциясын ешкім де ұмытпайтын шығар. Үстіне қысқа тон, аяғына 15 сантиметрлік біз өкше киген жігіт жиналған жұртты таңғалдырды.

2009513

Шарап түстес әдемі туфли кез келген жанның көңілінен шығар деп ойлаймыз.

Талқылау