Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы перзентханада босанған әйелдің өлімінің мән-жайы белгілі болды

Астанадағы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында №2 перинаталдық орталықтағы босанушы әйелдің өліміне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Астанадағы босанушы әйелдің өлімінің мән-жайы белгілі болды

«Бұл Астанадағы жыл басынан бергі төртінші жағдай. Бұрын босанған, қайта жүкті болған 34 жастағы әйел 15 шілдеде №2 перинаталдық орталыққа түскен. 16 шілдеде өздігінен толғағы келген. Босанғаннан кейін жағдайы күрт нашарлап кеткен», – дейді Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас акушер-гинекологы Гүлназ Досмырзаева.

Оның сөзінше әйелдің жағдайын тұрақтандыру үшін барлық шара жасалған. Алайда оны аман алып қалу мүмкін болмады.

«Аталған жағдай бойынша қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы сараптама комиссиясын құрды. Ол таңертең өз жұмысын бастады. Бала сау болып туылған. Ол перинаталдық орталықтың жаңа туған сәбилерге арналған бөлімінде жатыр. Әйел емханаға барып жүрген, №2 перинаталық орталықта тіркеуде тұрған»,  – дейді ол.

Естеріңізге сала кетсек, Астанадағы №2 перинаталдық орталықта босанушы әйел қайтыс болды. Дәрігерлер оның сәбиін аман алып қалды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау