Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы Оқушылар сарайында танымал қазақстандық клоунды ренжітті

Кәрім Мұтырғановтың сөзінше, оны цирк өнеріне арналған үйірмені жабуға және оқушылар Сарайынан кетуге мәжбүрлеген. Ал ол болса осы жұмыс үшін бір жыл бұрын Алматыдағы бар дүниесін тастап, Астанаға көшіп келген еді. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Әртіс осы оқиғаға бола қайғырғысы келмеген. Қазір ол мекемені жалға алғаны үшін өз қалтасынан ақша шығарады, оқушыларды да өзі іздейді.

Әртіс басына түскен оқиғаны цирк деп айтады.

Қазақстандық клоун бір жыл көлемінде жұмыс істеген астаналық Оқушылар сарайының басшылығы оған қолайсыз жағдайларды жасап берген. Ақшаны аз төлегендері былай тұрсын, сабақтардың сағатын да қысқартып тастаған. Сонымен қатар, директорға да Мұтырғановтың балалармен бірге қойған шоуы директорға ұнамаған.

“Мен 100 мыңнан аз алмайтынмын. Жаңа директор келісімен: 46 мың теңгеге рахмет айтыңыз деді. Басқалардан қай жеріңіз артық? Барлығы алып жатыр, сіз де алуыңыз керек. Біздің кабинетіміз директордыкінің жанында орналасқан еді. Балалар шулағанда ол әрдайым сыртқа шығатын. Ол оқушылар Сарайында жұмыс істейді, бірақ оған балалардың күлкісі ұнамайды”, — дейді Кәрім Мұтырғанов.

Қазақстандық танымал клоун Алматыдан Астанаға 2017 жылы көшкен. Оны бас қалаға Оқушылар сарайының бұрынғы директоры шақырған. Жаңа басшылық оның жалақысын төмендеткен. Әртіс осыған көнуге келісімін бермей, жұмыстан кету туралы арыз жазған.

Қазіргі уақытта клоун сарайға қарама-қарсы орналасқан мекемеде өз мектебін ашқан. Ол жалға берілетін мекеменің ақшасын өз қалтасынан шығарып төлейді. Мектебінде 15 бала бар. Олар фокус көрсетуді, гимнастиканы, моноциклді айдауды үйренуде.

Сарайдың әкімшілігі аты аңызға айналған клоунға жұмыс істеуге тағы да бір рет алаң беруге дайын. Бірақ үйірмедегі цирк әртістерінің саны бұрынғыдан көп болуы тиіс деген сынды шарттары бар.

“Сәуір айынан бастап жұмыс істеймін. Мысалы, 3-4-ақ баланы көрдім. Бізде 50-60 адамнан құралған топтар бар ғой. Сұрақ тек осыған байланысты туындап тұр”, — дейді сарайдың директоры Ербол Іргебай.

Өкпесі болса да, Мұтырғанов сарайға оралып, ақылға қонымды жалақыға балалардан болашақ әртістерді шығаруға дайын. Мемлекеттің қолдауы да қажет. Мұтырғановтың ойынша клоунаданың арқасында цирктің болашағы зор.

 

Талқылау