Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы мемлекеттік қызметкерлерге арналған жатақхана алдынан сәби табылды

Куәгерлердің айтуынша, жаңа туған сәби қоқыс жәшігінің қасында жатқан. Шақалақты көрген тұрғындар дереу полицияға хабар берген.

0a4dca1b03ba9ab6cd980ed4e49fcea0_XL

Бұл туралы newtimes.kz хабарлайды.

“Жедел жәрдем” бригадасы баланы №1 перзентханаға жеткізген. Әзірге мекеме бұл туралы ресми пікір білдірген жоқ.

Белгілісі, жаңа туған сәби жансақтау бөлімінде. Денсаулық жағдайының қалай екені жайлы қазірге ақпарат жоқ.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 119 (“Қауіпті жағдайда қалдыру”) бабы бойынша сотқа дейінгі зерттеудің біріккен реестріне тіркелген.

Еске сала кетсек, осыған ұқсас жағдай Ақтөбе облысында да болған еді. Қандығаш қаласында жаңа туған сәбиді көпқабатты үйдің подъездіне тастап кеткен. Баланы көрпеге орап, туған күнін жазып қағаз қалдырған. Қазір оның анасы ізздестірілуде. Ал бала Ақтөбедегі сәбилер үйіне орналастырылған.

Талқылау