Неліктен Астанадағы McDonald’s мейрамханасына өнімдер Ресейден тасымалданбақ

Сейсенбі, 8 Наурыз , 2016 13:28

Қазақстандағы McDonald’s иесі Қайрат Боранбаев әзірге барлық өнімдердің көрші мемлекеттерден, негізінен Ресейден тасымалданып жатқанын айтты. Алайда болашақта Қазақстанда өндіру мәселесі жоспарлануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

12749893_1687517974838155_847896600_n

Фото: Инстаграм

“Біз осы мәселемен айналысып жатырмыз. Алматыда салат пен бөлке өндіретін үш зауыт салынбақ. Бізде қазірдің өзінде жеткізуші компаниялар бар. Оның ішінде жергілікті нарықта жұмыс істейтін “Coca Cola” компаниясы да бар”, – дейді Боранбаев.

Өндірісте неліктен қазақстандық ет пен нан өнімдері пайдаланылмайтыны туралы да мейрамхана иесі айтып өтті.

“McDonald’s әлем бойынша танымал өнімдерді ұсынады: бигмак, чизбургер және олар барлық жерде бірдей. Сондықтан өнім сапа стандарттарымен жарақталған”, – дейді Қайрат Боранбаев.

Сондай-ақ, ол мейрамхана құрылысын жүргізу кезінде 70 пайыз қазақстандық құрылыс материалдары пайдаланылғанын да атап өтті. Еске сала кетсек, Астанада аумағы 863 шаршы метрді алып жатқан, 206 адамға лайықталған “McDonald’s мейрамханасы ашылған болатын.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Ресейден тасымалдау ненің амалы,қазақстанның өнімін неге пайдаланбаймыз неге,неге!!!

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар