Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы көрме кезінде үстіне жарнамалық стенд құлаған ер адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Астанада өткен KADEX-2018 көрмесінің аумағында үстіне жарнамалық стенд құлап кеткен ер адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Астанадағы көрме кезінде үстіне жарнамалық стенд құлаған ер адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

«ҚР ҚК 306-бабына сәйкес, қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін қызмет көрсетілді деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Кінәлілер 4 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – делінеді ІІД хабарламасында.

Қазіргі уақытта тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Ал марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетілетін болады.

Естеріңізге сала кетсек, 24 мамырда Астанадағы көрме кезінде ер адамның үстіне жарнама жазылған стенд құлап кеткен еді. Салдарынан жарақат алған ер адам ауруханада көз жұмды.

Талқылау