Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас бірінші рет Астанадағы “Хан шатырында” автограф-сессия өткізбек

8 желтоқсан күні кешкісін «Хан шатыры» ОСО Қайрат Нұртастың «Мазалама» атты әніне түсірілген бейнебаянның презентациясын өткізеді.

қайрат Нуртас

«Қазақстан» ұлттық арнасының хабарлауынша  Қайрат Нұртастың әндерін сүйіп тыңдайтындарға үлкен мүмкіндіктер бар.

Онда бірінші болып әлі еш жерде көрсетілмеген бейнебаянды тамашалай алады. Айтакетсек, «Мазалама» әніне жақында ғана Мәскеуде  танымал режиссер Андрей Голубевтің көмегімен  бейнебаян түсіріп берген болатын.

Жаңа бейнебаянмен бірге  Қайрат Нұртастың «Мен ғашықпын…» деп аталатын күйтабағы таныстырылады. Онда әншінің соңғы жылдары орындап жүрген   ең үздік 86 әні кіргізілген.

Әншінің тыңдармандары  Қайрат Нұртаспен кездесіп қана қоймай оның өз қолынан жаңа ән жинақты сыйлыққа ала алады.

Кездесу «Түнгі студияда Нұрдан Қоянбаев» бағдарламасын түсіру барысында болмақ.

Бағдарламаны түсіру барысында әншінің жаңа жинағынан 200 дана, «Қайрат Нұртас» журналының 1000 данасы тегін таратылады.

Талқылау