Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нюша Қайрат Нұртастың концертінде қазақ тілінде ән орындайды

Қазіргі уақытта концерттің қойылымымен Мәскеуден келген кәсіби мамандар айналысуда. Әндер репертуарын әр тыңдарманның көңілінен шығатындай етіп Қайраттың өзі таңдаған.

34823419

Бұл жөнінде әнші бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен баспасөз-конференциясында мәлімдеді.

Баспасөз-конференциясына STAN.KZ сайтының тілшісі қатысты.

Ресейдің ең танымал жұлдыздарының бірі Нюша қазақ тілінде ән айтады. «Бұл мен үшін жаңа тәжірибие. Мен алғаш рет қазақ тілінде ән айтқалы тұрмын. Маған қатты ұнады. Өте әсерлі және ерекше болып шықты. Менің ойымша көрермендер мен тыңдармандарға ұнауы керек»,- деді Ньюша.

IMG_0621

Естеріңізге сала кетсек, бүгін «Астана-Арена» стадионында Қайрат Нұртас шығармашылығының 10 жылдығына арналған «Мен ғашықпын…» атты концерті өтеді. Бұл жиыннан түскен қаржының 8 миллион теңгесі қайрымдылық шаралары үшін жұмсалмақ. Осы тұста Ресейден келген қонақта бұл кештің маңыздылығына тоқталды.

IMG_0614

«Бүгін мен осында келгенімнің өзі осы бастаманы қолдайтындығымды білдіреді. Мен белсенді түрде қайрымдылықпен айналысып тұруға тырысамын және мүмкін болғанша қаржы аударамын. Ең бастысы қайрымдылық шараларға көбірек көңіл бөлгім келеді»-деді Нюша.

IMG_0631

Айта кетейік, бұл концертке Нюшадан өзге Ресейден Тимати, Сергей Лазарев, Рефлэкс келеді деп күтілуде. Елімізде тұңғыш рет стадионда өткелі отырған жоба барысында кең масштабтағы бейнеграфикалық және аудио эффекттер пайдаланылып, интерактивті декорациялары және жарық түсіру құралдары бар арнайы сахна құрылады. Сонымен қатар әншінің кеңістікте қозғалуына мүмкіндік беретін заманауи технологиялар қолданылады.

«Қазіргі уақытта концерттің қойылымымен Мәскеуден келген кәсіби мамандар айналысуда. Әндер репертуарын әр тыңдарманның көңілінен шығатындай жеке өзім таңдадым»,- деген болатын Қайрат Нұртас.

Дегенмен, нақты не болатындығы әзірге құпия ұсталуда. Барлық шоуды бүгінгі кештен көретін боламыз.

IMG_0632(1)

Бұл Қайрат Нұртастың концертінен соң бөлінген қаржыны алатын ұйым басшылары

IMG_0610

Нюшаның кішкентай жанкүйерлері. Әншіден қолтаңба алу үшін келген.

Талқылау