Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы Фастфуд ішінен сүлік табылған гамбургер жайлы ақпаратты жоққа шығарды

Желі қолданушысы Астанадағы тамақтану орнының бірінде бургер ішінен сүліктің шыққанын айтып, оның видеосын жариялаған болатын.

«Достар, мынадай мәселе болып тұр. Құрбыммен бірге Қабанбай батыр көшесіндегі “Hardee’s” тамақтану орталығында мынадай жайттың куәсі болдық. Тапсырыс берген бургердің ішінен сүлік шықты. СЭС? Тұтынушылардың құқын қорғау қызметкерлері? Сақ болыңыздар. Жазбаны барынша таратуларыңызды сұраймын. Мұны барлығы білсін. Адамдарға не беріп жатқанын тексеру керек қой», – деп жазады Facebook желісінде Диана Серік атты қолданушы.

Кейіннен ол жетекшілердің өнім ақысын қайтарып бергенін айтып, чек суретін салған болатын.

12472480_1658714511059338_9073306225304283613_n

Компания қорғау жөніндегі барлық шараларды қабылдауға ниетті. Сондай-ақ, шындыққа жанаспайтын ақпаратты теріске шығаруды дәлелдемек.

«Caspian International Restaurants Company ЖШС-нен Hardee’s Kazakhstan-ға сатып алынған барлық өнімдер бірталай рет тексерістен және лабороториялық зерттеуден өтеді. Әрбір өнімге зертханалық талдау жасалып, тиісті құжаттары мен сертификаттары беріледі. Осы аталған қызметтер мен технологиялық процесстер өндірісте қатаң тексеруде болады. Сонымен қатар, азық-түлікке қатысты мемлекеттік және халықаралық стандарттар сақталады. Физикалық-химиялық зерттеу  және микробиологиялық сараптмама жасайтын компания санитарлы-эпидемиологиялық бақылау қызметкерлерінің тұрақты бақылауында», – делінген компанияның арызында.

Желі қолданушылары бұл жайтқа таңданыс білдіріп, пікірлерін жазды. Олардың ішінде егер бұл ролик жалған болса, автордың жауапқа тартылатыннын және мұның антижарнама болуы мүмкін екенін айтқан қолданушылар да болды.

Талқылау