Астанадағы ең биік ғимарат құрылысшылары наразылыққа шықты

Астанадағы Абу Дабидің құрылысында жұмыс істеп жатқан 400-ге жуық құрылысшы жұмыссыз қалды. Құрылыс компаниялары алдын ала ескерту жасамастан, шығарып жіберген. Олар өтемақы төлемейтіндерін ашық айтқан. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Бір-бір үйді асырап жүрген азаматтар Еңбек кодексі бойынша өз құқықтарын талап етуде.

400-ге жуық құрылысшы бөлініп, прокуратура, полиция мен партия жағалап, көмек сұрап жүр. Абу Дабидің іргетасынан бастап қабырғасын қалаған азаматтар қай жерде қате кеткендерін білмейді.

«Мен сенбі түнгі ауысымға түскем, жексенбі таңда шығамын. Бейджик істемей қалды. Ешқандай ескерту болған жоқ. Мал сияқты келді де, жұмыстан шығарып тастап жатыр. Біз сонда қайда барамыз,  мысалы қақаған суық күнде? Менің бала-шағам бар, кредитім бар. Екі мың шақырымнан келіп отырмын», – дейді жұмысшы Мақсат Ахмет.

Жұмысшыларға құрылыс компаниялары еш ескерту жасамаған. Басшылары өз еріктеріңмен орындарыңды босатыңдар деп қысқа қайырған. Көнбегенді, Еңбек кодексімен қудалаймыз деп қорқытқан.

“Ештеңе бермейміз, сендер 49- баппен жұмыстан шығарамыз  жұмыс бітті  дейді. Жұмыс біткен жоқ, барып көріңіздер. Абу Даби сол күйде тұр, 40-50 пайыз бітсе біткен шығар. Онда  шетелдіктер тып-тыныш жұмыс істеп жатыр», – дейді жұмысшы Мұхтар Қалдыбек.

Жұмысшылар тек  заң бойынша өздеріне тиесілі өтемақаны талап етіп отыр. Ал әркімнің жалақысы еткен еңбегіне қарай әртүрлі. 200 мың теңгеден бастап 300 мыңға дейін жетеді екен.

Құрылысшыларды отандық төрт құрылыс компаниясы жұмысқа алған. Онда жұмысшылардың жанайқайына құлап асатын ешкім болмаған соң, құрылысшылар «Нұр Отаннан» араша түсуді сұрап келген еді, билік партиясындағылардың жауабы мынадай болды:

«Біз құрылыс компанияларының өкілдерін шақырып, әкімдіктегі әріптестерімізбен бірге сөйлесеміз. Егер сіздер айтқандай,  шынында да қаншама адамды  жұмыстан негізсіз шығарса, мәселені шешеуге көмектесеміз», -дейді «Нұр Отан» партиясы Астана қаласы бойынша филиалы төрағасының орынбасары Владислав Сергеев.

Астанадағы Абу Дабиді жергілікті жұмысшылармен қатар шетелдік құрылысшылар да салып жатыр. Бірақ, жаппай жұмыстан қуу туралы тосын бұйрық тек Қазақстан азаматтарына қатысты. Далада қалған жұмысшылар болса, құрылыс компаниялары тиісті өтемақыны төлегенше  тыным таппаймыз деп отыр.

Тағы оқыңыз:

Қарағанды облысында үйі өртеніп кеткен отбасы жерлерінен айырылуы мүмкін

ОҚО-да белгісіз дертпен ауыратын 10 жасар қызға депутат көмектесетін болды

ОҚО тұрғыны әйелі «Иегова куәгерлері» ағымына кірген соң ажырасып кеткен

Тек шыныңды айтшы: Жоғалып кеткен қыздың анасы қызына үндеу жіберді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар